Мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеу және басқару цифрландырылды
Мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеу және басқару үдерісі толық цифрландырылған. Бұған былтыр қол жеткен.
Қазір онлайн іріктеу 94 мемлекеттік органды қамтиды. Орташа есеппен бір орынға 7 үміткерден келеді. Ал бәсекелестік деңгейі үш жарым есе өскен. Сондай-ақ «Бірыңғай кадрлық жүйе» арқылы бюджеттік ұйымдардағы кадрлық іс жүргізу толық автоматтандырылды. 2 мың 900 ұйым жүйеге қосылды. 482 мың қызметкердің цифрлық профилі қалыптастырылды. Проактивті бақылау тетіктері енгізіліп, мүдделер қақтығысын автоматты түрде анықтау мүмкіндігі іске қосылды. Мемлекеттік басқару академиясында «Цифрлық мемлекеттік басқару» магистрлік бағдарламасы іске қосылды. «AI Qyzmet» бағдарламасы бойынша 52 мыңнан аса әкімшілік қызметші оқытылды. Ал «AI Governance 500» бағдарламасы аясында 100 саяси қызметші білім алды. Енді 1 сәуірден бастап мемлекеттік қызметке іріктеу тәртібі өзгереді. Конкурстық рәсімдер жеңіл, іріктеу мерзімі қысқа әрі ашықтық сақталу үшін цифрлық нұсқа қолданылады. Бұл «Е-қызмет» интеграцияланған жүйесі арқылы орындалмақ.