Маңғыстау облысында мұнайшылар әр бейсенбі ұлттық киім киеді
Маңғыстау облысында бірқатар мекеме жұмысқа күнделікті ұлттық киім киеді. Оның ішінде мұнайшылар да бар.
Компания қызметкерлері әр бейсенбіде қазақша стильде киінуді әдетке айналдырған. Жігіттер шапан, тақия, ою-өрнегі бар киім кисе, бұрымдылар кәжекей, бешпент, көйлек киіп, түрлі әшекей бұйымдарын тағады. Дресс-кодты ұстанып қана қоймай, әр киімнің тарихы, тігілу технологиясы мен элементтері туралы мәліметтерді жинақтап жүреді. Ұйымдастырушылар бұл тек дәстүрді дәріптеу емес, ұлттық рухты көтеріп, өткен мен бүгінді жалғауға ерекше үлес қосатын маңызды бастама екенін жуапкершілікпен сезінетінін айтады.
Анар Махамбетова, мұнай компаниясының әлеуметтік жұмыс бөлімінің басшысы:
- Әр бейсенбі сайын тек қазақ тілінде сөйлейміз. Басқа тілдерді қоспаймыз. Басқа тіл қосылып қалған ұжысдастарымызға айыппұл төлетеміз. Ол біздің қорымызға түседі. Сол қордан өзіміздің бөлімге керекті нәрселерімізді аламыз. Бүгін – ұлттық киім күні. Барлық қазақ халқын ұлттық киім күнімен құттықтап, ұлттық киім киюге шақырамын.