Еңбек қауіпсіздігіне қатысты талаптар күшейтіледі

Енді еңбек қауіпсіздігі ережелеріне немқұрайлы қараған жұмыс берушілер Заңға сәйкес қатаң жауапқа тартылады. 

Сенат отырысында депутаттар қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін құжатты екі оқылымда да мақұлдады.

Осылайша, Еңбек, Әлеуметтік және Халық денсаулығы мен Денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстерге жаңашылдықтар енгізу жоспарланды. Бұл Заң еңбекті қорғауды басқару жүйесінің тиімділігін арттырып, азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.