Алматыдағы балалар колониясында футболдан турнир өтті

Алматыда жазасын өтеуші жасөспірімдер мен спорт үйірмесіне қатысушы балалар футбол ойнады. Шара Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне қарасты №11 мекемесінде ұйымдастырылды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың айтуынша, түзеу мекемесінің аумағында өткен алғашқы футбол турнирі маңызды әлеуметтік бастамаға айналды. Себебі спорт - адамдарды біріктіреді. Өзін көрсетуге мүмкіндік береді. Жастарды тәрбиелейді. Сонымен қатар омбудсмен колониядағы жағдаймен танысып, жеке қабылдау өткізді.

Артур Ластаев, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі:

- Біз ең алдымен балалар колониясынан бастауды дұрыс деп санадық. Алдағы уақытта осы тәжірибені әрі қарай зерттейтін боламыз. Менің ойымша, бұл кез келген жағдайда пайдалы болады. Спорт – әсіресе балалар спорты әлеуметтік бейімдеудің бір түрі. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіздік мекемесі  халықаралық стандарттарға сай салынған.