Астықты өңірлерде дала жұмысы қызды

Биыл Қостанай облысында 5 млн гектар алқапқа егін егіледі. Негізін бидай мен майлы дақылдар құрайды. 

Павлодар облысында ауыл шаруашылығы техникасы науқанға толық дайын тұр. Биыл бұл өңірде егіс алқабы 1,7 млн гектарға жетеді. Қызылордада күріш алқаптарын азайтып, суды аз қажет ететін дақылдар егіледі. Көктемгі егін жұмыстарына Жамбыл облысында 10 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы дайындалды. Түркістан облысында да көктемгі дала жұмыстары мерзімінде басталды.

Биыл ел бойынша егістік аумағы 123,8 млн гектарды құрайды, бұл былтырғыдан 180 мың гектарға көп. Оның ішінде 12 млн-нан аса гектарын бидай алаңдары құрайды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша елдегі 2900-дан астам шаруа 288 млрд теңге сома қаржы алған. «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау өткен жылдың 1 қазанында басталды. Қаржыландыруды ерте бастау шаруаларға егіс науқанына тыңғылықты дайындалуға мүмкіндік береді.