Павлодар облысында мұз жару жұмыстары басталды
Павлодар облысында су тасқынының алдын алу үшін өзендерде мұз жару жұмыстары басталды. Төтенше жағдайлар департаментінің құтқару жасағы Сілеті өзеніндегі мұз қабатын босату үшін 126 келі жарылғыш зат пайдаланды.
Негізгі жұмыстар арнаның Шолақсор ауданын қамтитын үш учаскеде атқарылды. Сілеті өзені Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облысы аумақтары арқылы ағып өтеді.
Шәкір Ахметов, ТЖД Төтенше жағдайларды ескерту басқармасының бастығы:
- Жарылыс жұмыстары дер кезінде қолға алынған аса маңызды шара. Себебі кеше ғана Сілеті су қоймасынан санитарлық су жіберу басталды. Қазіргі таңда оның көлемі секундына 31 текше метрді құрайды. Бұл шаралар мұз кептелісінің алдын алып, өзенге түсетін жүктемені азайтуға бағытталған.