Астанада жүргізушісіз жүретін көлік жолға шықты
Астанада автопилотпен басқаралытын темір тұлпар тұрғындар назарына ұсынылды. Ақылды көлікті Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті шеберханасының мамандары әзірлеген.
Digital Nauryz: жүргізушісіз жүретін көлік жолға шықты
Шернияз Жалғасбекұлы, тілші:
- Қаланың қыз-қыз қайнаған тіршілігін темір тұлпарсыз елестету қиын. Көліктер күнделікті күнкөрісте адамның жол серігіне, жан серігіне айналды.
Қазір автомобилдердің сан алуан түрі бар. Бірі сән-салтанатымен, екіншісі тың технологиясымен ерекшеленеді. Ал мына біз отырған көлік жүргізушісіз жүреді. Әрине, адам қауіпсіздік мақсатында бақылап отырады. Дегенмен жүрісті ақылды көлік өзі ұйымдастырады. Енді жүріп көрейік. Алғашында біз көлікті drive батырмасына қойып береміз. Әрі қарай көлік өзі жүреді.
Анасыр Мейрашев, Д. Серіков атындағы ШҚТУ Лу Бань шеберханасының жетекшісі:
- Бұл автокөліктің ішіне автопилот жүйесі орнатылған. Бұл жүйенің көмегімен автокөлік келе жатқан кезде кедергілерді көріп, оларды айналып өту және оларды көрген кезде тоқтау жұмыстарын атқарады. Сондай-ақ маршруттарды, қай жерге бару керегін сол жүйенің көмегімен жасалынады.
Шернияз Жалғасбекұлы, тілші:
- Жолаушылар жолағынан өтіп бара жатырмыз. Жолаушылардың жоқтығына көз жеткізген көлік, өзі әрі қарай жүрісті жалғастырып келеді жатыр. Адамға тек бақылап, жүрістен ләззат алып отырса болды.
Анасыр Мейрашев, Д. Серіков атындағы ШҚТУ Лу Бань шеберханасының жетекшісі:
- Бұл көліктің автономды жүйесі барлығы багажникте орналасқан. Уай-фай роутері тұр өздеріңіз көргендей. Сондай-ақ арнайы станциямыз бар. Осы станцияның көмегімен автокөлігіміз маршруттарды жасап, жүреді. Сондай-ақ осы роутердің көмегімен, осы көлікпен жұмыс істеуге арналған бағдаршамамымыз бар. Сол бағдаршамдарымыздың қай шам жағып тұрғанын жүруге болама немесе тоқтап, күту керек пе, сол бағдаршаммен ақпарат алмасып, жүйенің барлығын қадағалап отырады.
Шернияз Жалғасбекұлы, тілші:
- Мінекей, оң жағымыздағы өрт сөндіру көлігін айналып өтті, әрі қарай өзінің керекті бағытын алып, өзі қозғалып келе жатыр. Бұл енді бүгінгі күн үшін жаңалық болуы мүмкін. Дегенмен аздаған уақыттан кейін Астана қаласының тұрғындары үшін бұл қалыпты жағдайға айналады. Біз білеміз, қалада ақылды жүйеге негізділген такси қызметі ұйымдастырылады. Бұл соның бастапқы легі десек болады.
Алда бұл жоба жетілдіріледі. Толыққанды жол қозғалысына қосу үшін әлі де толықтырулар қажет.
Авторлары: Шернияз Жалғасбекұлы, Ержан Рахманбердиев