Ұлыстың ұлы күнін тойлауға 30 мың атыраулық орталық алаңда бас қосты

«Қош келдің, Әз Наурыз!» атты мәдени-көпшілік шара Исатай-Махамбет алаңында өтті.

Жалпы наурызнама онкүндігі аясында 37 отбасы баспаналы болды, жүздеген тал-терек егілді. Мұның барлығы-әз-Наурыздан жақсылық  күтетін жұртшылықтың көңілінен шығып, халықтық мерекеге ұласты.

Әбіл Жоламанов, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасының басшысы:

- Осы Исатай-Махамбет алаңында қазір 30 мыңның  үстінде халық жиналып, өздеріне арналған, жалпы бағдарламаларды тамашалауда. Биылғы жылы басты мән берілген нәрсе «цифрлық наурыз» ретінде атап өту. Яғни бұл жердегі басты ерекшелігіміз-жаңа технологиялдарды, соның ішінде ЖИ кеңінен пайдалану.  Біз сахнада да жүргізушілердің өзі хабарламаларын ЖИ арқылы жүзеге асырдық.