Наурыз – жарқын жыл басы
Ақтөбеде бүгінгі айтулы мереке күні 1,5 тонна наурыз көже үлестірілді.
Шаһардың орталық алаңдарында 52 киіз үй тігілген. «Қазақ халқына мың алғыс» стелласы маңында палуандар күш сынап, мергендер садақ атты. «Наурыз-жарқын жыл басы» мерекелік бағдарламасы бірнеше сағатқа созылды. Сахна төрінде жергілікті өнерпаздармен қатар елімізге танымал әншілер де өнер көрсетті. Театрландырылған қойылымдар мен сазды кеш облыстағы барлық мәдениет мекемелерінде өтіп жатыр.
- Наурыз мерекесі жылдан жылға аман-есен жеткеннің белгісі. Жылдан жылға жете берейік. Барша қазақстандықтар құтты болсын. Ауырмайық, сырқамайық. Аман болайық бәріміз.
- Ұлыстың Ұлы күні елдің барлығын осы Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Ұлысымыз оң болсын, ырысымыз мол болсын. Халқымыз аман болып өсіріп жатқан ұрпақтарымыз Қазақстанның өркендеуіне үлес қосатын жақсы азамат болсын. Наурыз мерекесі құтты болсын.
- Баршы қазақ халқын наурыз мерекесімен құттықтаймын. Әз-Наурызымыз, осы жылымыз жақсы жаңалықтарға толы болсын. Қаламыз көркейе ерсін. Барлық жақсылықты тілеймін. Әр отбасыда тек жақсылық болсын!