Ақтөбелік жастар сенбілікке шықты
Наурызнаманың «Тазару күні» ақтөбеліктер сенбілікке шықты.
Өңірдегі үкіметтік емес ұйымдар, түрлі жастар бірлестігінің 100-ге жуық өкілі шаһардағы үш алаңды тазартты. Олар алдымен дронның көмегімен әуеден барлап, қоқысы көп орындарды анықтаған. Ал келесі аптада аймақта дәстүрлі сенбіліктер басталады.
Самғат Артығалин, Жастар ресурстық орталығының басшысы:
- Кешегі Наурыз тойланған жердің тазалығы біздің қаламыз үшін маңызды. Бұл жерде үш жер: Стелла, одан кейін қарсы тұрған Президент саябағы және Орталық стадионның алаңы. Енді біз келесі апта ауқымды түрде қаладағы саябақтарды бір уақытта жастар тазалау жұмыстарын жүргізеді.