Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады
Елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, сондай-ақ кейбір күндері солтүстік пен шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады.
Жауын-шашын (жаңбыр және қар түрінде) күтіледі, деп хабарлайды 24KZ, kazhydromet.kz сайтына сілтеме жасап.
Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын болжанады. Күндіз батыс пен оңтүстікте найзағай, шаңды дауыл, желдің күшеюі байқалады. Республика бойынша тұман түсіп, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде көктайғақ сақталады. Ауа температурасы күндіз батыста +13, +23°C-қа дейін, солтүстік пен шығыста +9, +14°C-қа дейін, орталықта +10, +22°C-қа дейін, оңтүстікте +18, +28°C-қа дейін, ал оңтүстік-шығыста +12,+22°C-қа дейін көтеріледі.