Елімізде үш жылда 83 мың жол көлік оқиғасы тіркелген
Сарапшылар: «Жол жүру ережелерінің қатаңдауы жол көлік оқиғаларының санын азайтады», - деді.
Біз де солай боларына сенейік. Өйткені мына кестеге қарап, мәселенің қаншалықты ушығып бара жатқанын көруге болады. Сенат депутаттарының дерегінше, елімізде соңғы үш жыл 16 мыңға жуық жол көлік оқиғасы болыпты. Ал 2024 жылы көрсеткіш күрт өсіп, 31 мыңға жеткен. Былтыр болған жол көлік оқиғаларының саны 36 мың. Осы 3 жыл аралығында мыңдаған адам жан тапсырып, 100 мыңнан астам азамат түрлі жарақат алған.