Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтті
Шымкентте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтті.
Кеңеске Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Армения мемлекетттерінің өкілдері және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты. Тараптар, сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту мен цифрлық технологиялар саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты. Биыл бірлестікке Қазақстан төрағалық етеді. Жетекші ел ретінде жасанды интеллект ісін ілгерлетіп, сауда-саттыққа серпін беруге ниетті. Бұл жайлы Олжас Бектенов айтты.