Абу-Дабида зымыран сынықтарынан екі адам қаза болды

Абу-Дабиде зымыран сынықтарынан екі адам қайтыс болды. Тағы үшеуі жарақат алды. 

Әуе шабуылынан инфрақұрылым мен көлік құралдары бүлінді. Ресми деректерге сүйенсек, зымыран сынықтары Сувейхан көшесіне құлаған. Қазір оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр.