Абай облысында су тасқыны қаупі бар 17 учаске бақылауда тұр

Абай облысында су тасқыны қаупі бар 17 учаске анықталды. Қазір бұл аумақта құтқарушылар мен жолға жауапты мамандар жұмысты күшейтті.

Бүгінге дейін жеті апаттық бригада құрылып 100-ден астам су өткізетін құбыр тазартылды. 70-тен астам арнайы техника жұмысқа тартылды. Қажетті материалдық қор да жеткілікті. Жалпы өңірде 2 мың шақырымнан асатын жол ерекше назарға алынды.

Алмат Шойынбаев, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Абай облыстық филиалы директорының орынбасары:

- 1948 шақырымда бізде 17 учаскеде су тасқынына апатты учаскелер деп белгіленген. Ол өткен жылдардағы практика бойынша, 2023-2025 жылдары су келген учаскелерде барлық материалдар дайындалды. Бүгінгі таңда «Семей-Қайнар», «Таскескен-Бақты», «Аягөз-Тарбағатай» бағыттарында барлық қиыршық тас материалдары учаске басына жеткізілді.