Жезқазғанда студенттер көл жағалауын тазалады

Жезқазғанда жастардың бастамасымен экологиялық акция өтті. Қаладағы демалыс орындарының бірі – Кеңгір көлінің жағалауы тазаланды. 

Іс-шараға «AMANAT» партиясының қолдауымен «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері және технологиялық колледждің отызға жуық студенті қатысты. Жастар жағалау аумағындағы тұрмыстық қалдықтарды жинады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл аумақ қала тұрғындары жиі келетін орын болғандықтан тазалық жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Шомылу маусымы басталғанға дейін бірнеше рет осындай акция өткізу жоспарланып отыр.

Айым Қойшыбай, студент:

- Жазда көп қоқыс толып кетеді және адамдар келіп, өздерінің жейтін тамақтарын әкеледі, көлге түседі, сосын қоқыстарын қалдырып кетеді. Солай қоқыс жиналады. Бірінші жоғары жақты тазалады сосын осы көл жақты тазалауға келдік.