Көкпардан халықаралық жарыс өтеді

Қазақ көкпаршылары шекара асып, Өзбекстанның Бұхара қаласына жетті.

Бұнда ұлттық спортымыздан халықаралық турнир өтеді. Әзірге қатысушы командалардың нақты саны белгісіз. Белгілісі, Моңғолия, Тәжікстан, Ауғанстан, Қытай сияқты елдердің өкілдері болады деп жоспарланған. Бұған қоса жарыстың басты фавориттері Қазақстан және Қырғызстан құрамалары бақ сынайды. Соңғылары тіпті өздерінің аттарын да апарады. Халықаралық турнирге бас бапкер Нұрдәулет Момынов жас жігіттерден құрама жасақтады. Оның ішінде Қуаныш Кәден, Ерғалым Жақсылық, Ернат Мәлімбай, Елдос Асыл, Нұрдәулет Әлімбек  және Жанболат Ақбай сияқты жігіттер бар. Бас-аяғы 12 көкпаршы ел намысын қорғайды. Халықаралық турнирдің өзі 27-29 наурыз аралығында болады. Яғни бүгін мандаттық комиссия отырысы ұйымадстырылады және жеребе тарту рәсімі өтеді. Ал ертең негізгі ойындар басталады. Осындай форматтағы жарыстар арқылы көкпардың дамуын жаңа деңгейге көтеріп, насихатын күшейтуді көзделіп отыр.

Нұрдәулет Момынов, көкпардан ұлттық құраманың бас бапкері:

Балалар арасындағы халықаралық турнир

Бас жүлдеге таласатын төрттік анықталды. Астана қаласында футболдан балалар арасындағы халықаралық турнир жалғасып жатыр. «Астана Кубогы» деп аталатын жарыс жыл сайын ұйымдастырылып жүр және биыл төрт елдің өкілдерін жинады. Атап атйқанда, аладоп аламанына Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстандағы танымал футбол академияларының шәкірттері қатысып жатыр. Бас-аяғы 12 команда 3 топқа бөлініп, іріктеу кезеңіне және плей-офф кезеңіне қатысты. Нәтижесінде жартылай финалға мәскеулік «Чертаново», ташкенттік «Пахтакор», алматылық «Қайрат» және елордалық №8 спорт мектебінің командалары жолдама алды. Яғни бас жүлдені осы командалар өзара сарапқа салады деген сөз. Енді бүгін жартылай финалдық және финалдық кездесеулер өтеді. Бұндай форматтағы бәсекелер футболға алғаш қадам жасаған балалардың қарым-қабілетін нығайтып, болашақ чемпиондар дайындауға көмектеседі дейді мамандар.

Еркебұлан Жомарт, жарысты ұйымдастырушы 

Семсерлесуден әлем кубогі басталды

Әлем үздіктері Астанаға жиналды. Бұнда семсерлесуден жылдың басты бәсекелерінің бірі әлем кубогі өтіп жатыр. Оған 96 елден 600 спортшы қатысуда. Жарыстың алғашқы күндері жекелей сындар бойынша бәсекелер болады. Одан кейін медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Айта кету керек, Астана қаласы алғаш рет семсерлесуден әлемдік аламанды қабылдап жатыр. Осының арқасында ең көп қатысушы тіркеуге мүмкіндік алды. Қазір еліміз атынан 30 бірдей спортшы бақ сынап жатыр. Байрақты бәсеке 30 наурызға дейін жалғасады. Осы аралықта жекелей және командалық сындар бойынша үздіктер анықталады.