Ақмола облысында «Dala Carbon Forum» форумы өтті
Енді ел шаруалары топырақтағы көміртекті табыс көзіне айналдыра алады. Бұл бастаманы шетелдік инвесторлар қаржыландыруға дайын.
Бурабайда өткен аймақаралық экологиялық форумда осындай мәселе көтерілді. Алқалы жиында фермердің жердегі жинақталған көміртекті өлшеп, оны ресми тауарға қалай айналдыруға болатыны кеңінен түсіндірілді. Бұдан бөлек, климаттық бастамаларды монетизациялау сөз болды. «Форумның аграрлы аймақта өтуі, тегін емес. Себебі астықты өлке климаттық жобаларды жүзеге асыруға қолайлы», - дейді ұйымдастырушылар.
Ләззат Рамазанова, «Ecojer» қауымдастығы кеңесінің төрағасы:
- Қарапайым қожалықтар бүгін өзінің жерінен жер өндіріп жатып, екі түрлі пайда көре алады. Бұл – жаңа инструмент. Ақмола облысының тәжірибиесін көріп, басқа да өңірлер осыны қолға алады деген үміттеміз. Әрине бірінші рет мына глобалдық көміртегі квоталарын сату, сатып алу нарығына алдымыздағы айда шығайын деп жатырмыз. Бұл ауыл шаруашылығына, қожалықтарға жаңа мүмкіндік береді дейміз.