Өскеменде жүргізушілер сапасыз жолдардан әуреге түсіп жүр
Өскемен қаласында қаһарлы қыстан кейін көлік жолдарының 48 бөлігінде қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Жалпы алғанда шамамен 80 мың шаршы метр аумақта жолдың үстіңгі қабаты жаңартылмақ. Жөндеу жұмыстары тек орталық көшелермен шектелмейді — автоөткелдер мен трамвай жолдары да қамтылады.
Қытымыр қыстан кейін шұрық-тесік болған жолдар. Шұңқырдан қашамын деп жолдың қарсы бетіне шыққан, не көлігін соғып, дөңгелегін жарып, ойбайлаған жүргізушілер. Өскемен көшелерінің қазіргі көрінісі осындай. Айналғанда көлік жөндеу станцияларындағы кезектің қарасы қалыңдап барады.
Михаил Шемелин, автослесарь:
- Тіпті жол талғамайтын биік көліктердің өзі бұзылып, бізге келіп жатады. Көбісі нашар жолдарды кінәлайды. Жүргізушілер жолда машинамды соғып алмайын деп. абайлап жүреді. Қыстан шыққаннан кейінгі бәрінің уайымы осы.
Тек өткен жылы Өскемен жолдарын күрделі және ағымдағы жөндеуге 8 млрд теңге бюджеттен бөлініпті. Жол саласына қаралған қаржы жылына 20% өсіп келеді. Алайда жол сапасына көпшіліктің көңілі толмайды. Қазір шұрқ-тесік боп жатқан жолдардың ішінде осыдан екі жыл бұрын жөнделгендері де бар. Жол құрылысы қарқынын арттыруға қазіргі ауа райы кедергі дейді жергілікті билік өкілдері. Сол себепті коммуналдық кәсіпорындар әзірге жолдың тесіктерін жамаумен шектелуге мәжбүр.
Әмина Құрманжанқызы, Өскемен қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:
- Өскемен қаласының барлық аудандарында жол жөндеу жұмыстары белсенді кезеңі басталады. Биыл орташа жөндеумен 48 участок, ал қиыршық тастар төсеу арқылы 70 участок қамтылады. Қазіргі уақытта қаланың барлық аудандарында дайындық жұмыстары жүргізілуде. Негізгі көшелерде де, аулаларда да бұл дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шұңқырларды инертті материалдармен уақытша толтырылып жатыр. Шұңқырларды жөндеудің негізгі көлемі тұрақты жылы ауа райы орнаған кезде орындалады.
Шенеуніктер мамыр айында қаланың басты көлік артериясы Ертіс көпірінде жаңғырту жұмыстары басталатынын айтады. Биыл салынатын жолдардың сапалы болатынына сендіреді.
Мамыр айында қаланың басты көлік артериясы — Ертіс көпірінде жаңарту жұмыстары басталады. Бұл туралы жергілікті шенеуніктер мәлімдеді. Сондай-ақ биыл салынатын жолдардың сапасына ерекше мән берілмек. Билік өкілдері жаңа жолдар заманауи стандарттарға сай болып, ұзақ мерзімге шыдамды болады деп сендірді.
Е.Жылқайдарұлы, Вячеслав Ветлугин, Жігер Бабақанов