ШҚО-да бейнебақылау арқылы 37 қылмыс ашылды
Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері бейнебақылау жүйесі арқылы 37 қылмыс ашылды.
Дәл қазір шалғай аудандарда жедел басқару орталықтары құрылуда. Тарбағатай, ҚатоНқарағай аудандарында және Шемонаиха қаласында бет-әлпетті танитын «ақылды» бейнебақылау жүйесі енгізілмек. Қазір өңірдегі елді мекендерде 6 мыңнан астам бейнекамера жұмыс істеп тұр. 2025 жылы олардың көмегімен полиция қызметкерлері 162 қылмысты жедел ашып, 18 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. Сондай-ақ, камералар арқылы ондаған заңсыз қоқыс үйінділері анықталып, жойылды. Тәртіп бұзғандар жауапкершілікке тартылды. Бейне бақылау жүйелері полиция бөлімшелері мен біріктірілген бақылау жүйелері мектеп, аурухана секілді әлеуметтік нысандар аумағында да жұмыс істеп тұр.
Раджан Карикпаев, облыстық ПД Жедел басқару орталығының бастығы:
- 2026 жылдың өткен кезеңінде 37 қылмыс ашылып, шамамен 5 мың әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Сонымен қатар із-түзсіз жоғалған азаматтар табылды. Жедел басқару орталықтарына мектептер мен балабақшалардағы 675 бейнекамера қосылды.