Ақмола облысындағы 11 ауданда 22 дрон іске қосылды

Ақмола облысының 11 ауданында 22 дрон іске қосылды. Енді өңірдегі табиғат тазалығы әуеден дрондармен бақыланады.

Былтыр мамандар ақылды технологияның көмегімен 10 заңсыз қоқыс үйінділерін анықтап, бірден жойған. Жалпы жүйе 109 бірыңғай байланыс орталығымен біріктірілген. Былтыр тұрғындардан қоқыс тазалау жұмыстарына байланысты 400-ге жуық өтінім түскен. Экологиялық ахуалдан бөлек, ақылды дрондар тасқын қаупін де бақылай алады. Қазір олар күн сайын өңірдегі өзен-көлдерді шолып, жағдайды орталыққа жеткізіп отыр.

Сәуле Сембаева, Цифрландыру және архивтер басқармасының бас маманы:

- Иә, қазір негізгі екпін су тасқынына берілген. Дрондар күнделікті өзен-көлдердегі жағдайды бақылып, бізге жеткізіп отырады. Бұл өте ыңғайлы. Жалпы «Таза Қазақстан» акциясы аясында іске қосылған дрондар тек қоршаған ортаны қорғауға ғана емес, сонымен қатар жол жөндеу мен әлеуметтік объектілердің жұмысы туралы объективті деректер алуға пайдаланылады.