Жалпыға ортақ мүлік мәселесін шешетін заңдар қандай?

Жалпыға ортақ мүлік мәселесін шешетін заң нормалары жоқ емес, бар.

Тұрғын үй қатынасын реттейтіндерін тізіп шығар болсақ, екі бірдей кодекс пен екі заң қарастырылған. Біріншісі – Қазақстан Республикасының Тұрғын үй кодексі. Одан кейінгісі – Азаматтық Кодекс. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтері туралы заң. Сонымен бірге жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы ауқымды заң дәл осындай проблемаларды реттеуге арналған. Десе де неліктен тұрғын үй саласында осы тектес түйткіл көп.