Мұз үстінде ойнаған балалар құтқарылды

Павлодарда құтқарушылар мұз үстіне шығып кеткен бес баланы аман-есен қауіпсіз жерге шығарды. 

Жоспарлы патрульдеу кезінде Төтенше жағдайлар қызметіне кәмелетке толмаған балалардың Ертіс өзенінде жүргені туралы хабар түскен. Оқиға орнына құтқарушылар жылдам жетіп, жасөспірімдерді мұздан алып шықты. Қазір күн жылынып, өзендегі мұздың жұқарған кезі. Мамандардың айтуынша, мұндай ойын өте қауіпті және қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Сондықтан ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмай сақ болуға кеңес береді.

Самат Қабдылов, облыстық ТЖД ресми өкілі:

- Ата-аналары келгенге дейін балалар Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшесіне жеткізілді. Аталған дерек бойынша олардың ата-аналары ҚР Қылмыстық Кодексінің әкімшілік құқық бұзушылық, яғни 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жыл басынан бері жасөспірімдердің мұз үстінде ойнауының екі дерегі тіркелген.