Көлік салығын кешіктірген жағдайда өсімпұл қосылады
Бүгін көлік салығын төлеудің соңғы күні. Егер төлем уақтылы жасалмаса, сәуірден бастап әр күнге өсімпұл қосылады.
Ал 10 мамырдан кейін де берешек өтелмесе, мәжбүрлеп өндіру шаралары қолданылады. Тіпті банктік шоттар мен мүлікке тыйым салынуы мүмкін. Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті ел азаматтарына былтырғы көлік салығын төлеу мерзімі аяқталып жатқанын еске салды. Салық заңда белгіленген мөлшер бойынша есептеледі. Былтырғы есептік көрсеткіш – 3 мың 932 теңге. Көлік салығы туралы ақпарат eGov және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында қолжетімді.
Ернат Сайлауов, Жеке тұлғаларды әкімшілендіру және жалпыға бірдей декларациялау бөлімінің бас маманы:
- Салық бұйрығын ескермеген жағдайда жеке тұлғалар үшін мәжбүрлі түрде өндіру шаралары қолданып, сот орындаушыларының өндірісіне жолданатын болады. Одан кейін салық бұйрығы жеке сот орындаушылары салық төлеушілердің банктік карталарын бұғаттайды және шетелге шығуға шектеулер қойылатын болады.