Шымкентте зиянкестерге қарсы өңдеу жұмысы басталды
Шымкентте шыбын-шіркей мен масаға қарсы жаппай залалсыздандыру жұмыстары басталды.
Қалалық Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметінше, биыл жалпы аумағы 5 миллион шаршы метрге жуық жер өңдеуден өтеді. Мамандар бекітілген кесте бойынша өзендер мен канал жағалауларын, саябақтар мен гүлзарларды, аллеялар мен демалыс орындарын 10 кезең арқылы залалсыздандырмақ. Бұл жұмыстар толықтай бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Зиянкестердің таралуына жол бермеу мақсатында арнайы техникамен қамтылған 30 маман жұмылдырылған. Жауапты мамандар өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақтарда қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Қанат Рашид, қалалық Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бас маманы:
- Маса да, басқа да зиянды жәндіктерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары дезинсекциялық жұмыстар кезең-кезеңімен тоқтаусыз жүргізіле береді. Қыркүйекке дейін жалғасады. Осыған дейін 4 рет жүргізілген болса, енді биыл 10 рет жүргіземіз. Осы тұрғыда тұрғындардан залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу кезінде саябақтарда жүрген кезде сәл алшақтау жүруін сұраймыз.