Елде мыңнан астам несие беріліп, жаңа жұмыс орындары ашылды
Елде биылдан бастап мал шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді жоспар қабылданған.
Осыған орай Батыс Қазақстанда ауқымды жұмыстар қолға алынбақ. Соның ең негізгісі – ауыл тұрғындарын кооперативтерге біріктіру. Жоспар бойынша шалғай аудандарда ет бағытындағы мал шаруашылығы дамиды. Ал облыс орталығына жақын орналасқан Бөрлі, Бәйтерек, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау сияқты аудандар сүт өндірісіне басымдық береді.
Рүстем Зұлқашев, Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
- Қолымызда бар малдың 99 пайыздан астамы етті бағытта болды. Сүт өндірісі өте төмен. Өзімізге қажетті көлемді өндірмейміз. Басқа өңірлерден 7 мың сүтті бағыттағы сиыр сатып алынды. Негізгі басым көпшілігі. Міне, сол мал бізге келді. Сиырлар сауылып жатыр. Содан өнімдер өндіріліп жатыр.
Кооперативтер бағдарлама аясында 34 млн-нан аса теңгеге лизинг алып, техника мен құрал-жабдықтармен қамтылады. 2,5 пайыздық лизинг кооперативтің және мүшелерінің жеке жемшөп базасын ұйымдастыруға көмек болады.
Қазбек Ұзықанов, «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
- Биыл біздің облысқа «Ауыл аманаты» бағдарлмасы бойынша 5,5 млрд теңге бөлінді. Осы күнге дейін 1,7 млрд-ы игерілді. Ендігі міндет кооперативтерді көбейтіп, берілген несиенің тиімділігін арттыру болып табылады.
Жалпы 2023 жылдан бері «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында өңірге шамамен 15 млрд теңге бөлінді. 1500-ге жуық шағын несие беріліп, 1800-ден астам жаңа жұмыс орны құрылған.
Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Болат Жарылғасов, Эльдар Аюпов