«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 22 мың жұмыс орны ашылды

«Халықтық құрылыс» бағдарламасы ауыл-аймақтардың одан әрі дамуына жаңаша серпін беруге тиіс». Мемлекет басшысы елді мекендердің өсіп-өркендеуіне үлес қосып, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып отырған кәсіпорындарға айрықша назар аудару қажет екенін айтты, деп хабарлайды 24KZ.

Әсіресе ірі шаруа қожалықтары орналасқан аудандардағы инженерлік желілерді жетілдіріп, олардың сапалы жұмысына қажетті кіреберіс жолдар салу керек. Сондай-ақ Президент цифрлық сауда алаңдарының мүмкіндіктері ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлері үшін қолжетімді болуы керек деді. Елімізде бүгінге дейін «Ауыл аманаты» бағдарламасына 150 млрд теңге бөлінген. Нәтижесінде ауылдарда 22 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Әрине, бұл – жақсы көрсеткіш. Алайда басты мәселе – сол 22 мың жұмыс орны қазіргі таңда сақталды ма? Қалай десек те, осы жобаның аясын әлі де кеңейте түсу қажет. Мен бұған дейін цифрлық сауда алаңдарының және банктер мен логистикалық компаниялардың мүмкіндіктері ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлері үшін қолжетімді болуы керек деп нақты айттым. Енді осы жұмысты тиімді ұйымдастырып, өнімдерді тұтынушыға жеткізу жолын айқындайтын нақты келісімшарттар жасау керек. Жалпы шағын шаруашылықтары бар аудандарда өнімді қабылдайтын және сақтайтын орталықтар құру қажет. Мұндай инфрақұрылым барлық өндірушіге бірдей қолжетімді болуға тиіс.

Сондай-ақ оқыңыз: