ШҚО-да өзендерде мұз жару жұмыстары жүргізілді

Оңтүстік егістікті аяқтап жатса, солтүстікте өзен сулар әлі қатып жатыр. Шығыс Қазақстан облысында өзендерде мұз жару жұмыстары тоқітаған жоқ.

Өйткені күн күрт жылынып, жаңбыр жауса немесе өзенде қызыл су жүрсе өзендер арнасынан асып, тасуы мүмкін.

Құтқарушылар өзге де құзырлы органдар мен жергілікті билік өзен көлдерді күні-түні бақылап отыр. Әсіресе үстінен 15 өзен ағып өтетін Шемонаиха ауданында алдын-алу жұмыстары қызу. Аймақтағы Уба өзенінде 10 мың шаршы метрден астам мұз ойылды. Өңірде тасқынға тосқын болар 18 мың арнайы техника дайын тұр.