Елдегі инклюзивті білім беру жүйесі
Колледждердегі ерекше балалардың үлесі артты. Оқу-ағарту министрлігінің дерегінше, орта білім беру саласындағы гранттар саны 10%-ға көбейді.
Жалпы инклюзивті білім беру жүйесіне сай, аутизмі бар 1700-ден астам бүлдіршін балабақшаға барады. 4400-ден астам бала мектеп қабырғасында білім алады. 47 жеткіншек колледжде оқиды.
Аутизмі бар балалардың білім алуы
Балабақшаларда 1700 бала
Мектептерде 4400 оқушы
Колледждерде 47 бала оқиды
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ақпараты
Жәдігер Қожахмет, ҚР ОАМ Инклюзивті және арнайы білім беру департаменті директорының орынбасары:
- Бізде бүгінгі таңда 6 мыңнан астам мектеп және 2 мыңнан астам мемлекеттік балабақшаларда және колледждерде инклюзивті білім беруге жағдай жасалған. Кейбір жерлерде маман тапшылығы бар. Ол мәселені шешу мақсатында біз Ғылым және жоғары білім министрлігімен жұмыс жасап жатырмыз. Былтыр 800 грант бөлінсе, биылғы жылы да сол жұмыс жалғасады. Қазақстан бойынша 3,5 мың арнайы педагог жетіспейді.