Қарағандыда аулалар қоқыстан тазартылды

Қарағандыда аулалар қоқыстан тазартылды. «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына 40 адам қатысып, 50 қап қоқыс жиналды.

Шараға AMANAT партиясының мүшелері, «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері және еріктілер белсенді түрде атсалысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Таза бейсенбі» акциясы алдағы уақытта тұрақты түрде өтіп, қаланың түрлі аудандарын қамтиды. Бұл бастама шаһардың санитарлық жағдайын жақсартып, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға оң әсер етеді.

Қымбат Сүлейменова, Бастауыш партия ұйымының төрағасы:

- Бүгін біз «AMANAT» партиясының мүшелерімен және еріктілермен бірге «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза бейсенбілікке» шықтық. Біздің мақсатымыз - қаламызды қоршаған ортамызды таза ұстау. Барлық қарағандылықтарды осы іс- шараға ат салысуға шақырамын.