Алматы облысында музей ауласына 180 көшет егілді
Жыр алыбы - Жамбылдың 180 жылдығына орай Жамбыл музейінің ауласына 180 түп көшет егілді.
Экологиялық акцияға ауыл тұрғындары, музей қызметкерлері мен еріктілер қатысты. Олар музей аумағын күл-қоқыстан тазартып, ескерткіштерді қалпына келтірді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай игі шара табиғатты көркейтіп қана қоймай, елдің ынтымағын арттырады. Тарихи мұраны қадірлеп, тазалықты сақтауға үндейді.
Бақытжан Жайлымысов, Жамбыл ауылдық округінің әкімі:
- Бұл іс шарамыз келешек ұрпаққа жасыл мұрамыз деп ойлаймыз. Өздеріңіз білесіздер, бақтың ішінде жыр алыбы Жамбыл ата, күйші-композитор Нұрғиса Тілендиев атамыз жатыр. Ауылымызға алыс-жақын мекендерден, шет мемлекеттерден қонақтарымыз, туристер көп келеді. Сол себептен біз тазалыққа мұқият назар қоямыз. Келешекте ауылымыздың даму жолында, экологиялық қорғау жолында осындай шаралар әрі қарай жалғасын табады деп ойлаймыз.