Астанада Teslа көлігімен заң бұзған жасөспірім ұсталды
Елордада Tesla автокөлігімен жол ережесін бұзған 14 жастағы жасөспірім ұсталды. Құқық бұзу дерегі Жедел басқару орталығының бейне-камералары арқылы анықталды.
Полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату туралы заңды талаптарына бағынбаған жүргізуші, қашуға әрекет жасаған. Көлік ішінде онымен бірге тағы бір кәмелетке толмаған досы болған. Жасөспірімнің бұрын да жол ережесін бұзғаны, оның ішінде қауіпті маневр жасағаны анықталды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылып, аталған факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Кәмелетке толмаған азаматтың заңды өкілдері, бала тәрбиесі мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.