Мәскеудегі Абай ескерткішіне – 20 жыл

Мәскеуде Абай Құнанбайұлына ескерткіштің ашылғанына 20 жыл толды. 

2006 жылы оны Қазақстан Ресей астанасына тарту еткен. Бүгінде ескерткіш екі елдің арасындағы мәдени байланыстың символына айналды. Айтулы оқиғаға орай Ресейдегі Қазақ елшілігінің қызметкерлері мен Астана қалалық мәслихатының депутаттары гүл шоқтарын қойып, Хакім рухына тағзым етті. Абай ескерткіші шаһардың орталық бөлігіндегі танымал серуен алаңы – Чистопрудный бульварында орналасқан. Бұл маңда орыс жазушысы Александр Грибоедовтің де ескерткіші бар.