Маңғыстау облысында ауқымды сенбілік өтті
Маңғыстау өңірінде кең көлемді тазалық акциясы ұйымдастырылып, барлық елді мекен тұрғындары сенбілікке белсене қатысты.
Шара облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастамасымен, экоеріктілердің қолдауымен өтті. «Таза Қазақстан» және «Мөлдір бұлақ» акциялары аясында өткен тазалық жұмыстарына шамамен 8 мың адам жұмылдырылды. Жалпы сенбілік барысында 95 гектар аумақ тазартылып, 600 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Әсел Балманова, облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:
- Теңіз жағасына мұнай компаниялары, құрылыс компаниялары сонымен қатар мемлекеттік органдар болатын болса, Қаракөл жағасы мен қала жағажайына экоеріктілер келіп отыр. Бұл ретте айтып өту керек, Жаңаөзен қаласынан 40-50 экоерікті осы сенбілікке біздер өз үлесімізді қосқымыз келеді деп, арнайы келген болатын. Бұл белсенділікті жоғары бағалаймыз.