Жабай өзенінде су деңгейі түсті
Ақмола облысындағы Атбасар ауданының аумағынан өтетін Жабай өзенінде су деңгейі төмендеп, тасқын қаупі сейіле бастады. Дегенмен арқаны кеңге салуға болмайды-дейді жауаптылар.
Қазір алдын алу шаралары жалғасып жатыр. Жабай өзені жылда таситын. Сондықтан қауіпсіздікті күшейту маңызды.
Абзал Азаматұлы, тілші:
- Дәл қазір біз жыл сайын тасып, жұртты әбігерге салатын Жабай өзенінің жағасында тұрмыз. Апта басында су деңгейі үш жарым мертге дейін көтеріліп, қауіп туындаған еді. Қазір жағдай тұрақтала бастады. Су деңгейі екі метрге дейін түсті,-дейді мамандар. Айта кету керек, былтырдан бастап өзеннің түбін тазартып, жан-жағын бекіту жұмыстары жүргізілуде. Оған республикалық бюджеттен 10 млрд.қа жуық теңге бөлінді. Нәтижесінде өзен арнасы 120 метрге дейін кеңейтіліп, түбі 5 метрге тереңдетілді. Қазір жұмыстың 90 пайызы орындалды. Өзенді тазартуға міне көріп тұрғандарыңыздай 100-ге жуық техника жұмылдырылған. Осы шаралар тасқын қаупін қаншалықты сейілте алды? Біз оны Атбасар аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Диас Нұрпейісовтан сұрап білейік. Диас Дулатұлы, алдағы уақытқа қандай болжам жасап отырсыздар? су деңгейі тағы көтерілуі мүмкін бе?
Жабай өзені үш бірдей ауданның маңынан өтеді. Зеренді мен Сандықтау аудандарындағы еріген қар суы осында келіп құяды. Сондықтан бұл өзен ерекше бақылауға алынған. Еске салайық, соңғы рет Жабай өзені 2024 жылы ернеуінен асып, аудан орталығындағы 300 ден астам үйге су кірген еді. Тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға жаңа баспана беріліп, барлығы қауіпсіз жерге көшірілді. Жалпы осындай тасқынға тосқын шаралары тек Атбасарда ғана емес, барлық ауданда жүргізіліп жатыр.