Жамбыл облысында 900-ге жуық құқықбұзушылық анықталды
Жамбыл облысында 4 күн ішінде мопедтердің қатысуымен 900-ге жуық құқықбұзушылық тіркелді. Рейд барысында құжатсыз жүрген 400-ге жуық мотокөлік айып тұрағына қойылды.
Сондай-ақ алкогольдік ішімдік ішіп, скутер басқарған жүргізушілер де жауапкершілікке тартылды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, соңғы уақытта мопедтердің қатысуымен болған көлік оқиғалары көбейген.
Жамбыл облысында бір жыл ішінде мопедтердің қатысумен 88 жол апаты болған. Салдарынан 10 адам қаза болып, 103 жолаушы түрлі жарақат алды. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, апатқа ұшыраған жүргізушілердің басым бөлігі – кәмелет жасына толмағандар. Олар скутерді ешқандай құжатсыз сатып алып, жол ережесін сақтамай жүргізеді. Соның салдарынан қайғылы жағдайлар жиілеп отыр.
Елшібай Түйебай, қалалық Патрульдік полиция қызметінің инспекторы:
- Құмшағал ауылында болды. Яғни жас бала 15 жасар жолдың қарама қарсы жағына шығып кетіп апатты жағдай туғызып салдарынан оқиға орнында қаза тапты. Скл Тоқтату барысында қашып жатады жас балдар. Соның салдарынан зақым алып жатады. Яғни бізде оларды қазір қуаламаймыз ғой. Сол себепті өздері зақым алып жатады. Яғни ата аналарға айтатыным балаларын қадағаласа, мопед айдатпаса.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында өңірде арнайы рейд ұйымдастырылды. Нәтижесінде полицейлер жүргізуші куәлігінсіз скутер басқарған 145 адамды және ешқандай құжаты жоқ 163 мопедті анықтады. Олардың барлығы айыптұраққа қойылды.
Ержан Мананбаев, облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:
- Мотокөлікті масаң күйде басқару фактілеріне ерекше назар аударылды. Аталған құқық бұзушылық үшін 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылып, қазіргі таңда соттың шешіміне сәйкес 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып 7 жылға дейін жүргізу куәліктерінен айырылды.
Мерей Бает, тілші:
- Қазір айып тұрағының іші мына сынды мопед скутерге толған. Тәртіп сақшылары 4 күндік рейд кезінде осында 400-ге жуық техниканы алып келді. Олардың көпшілігінде мемлекеттік тіркеу нөміні жоқ.
Мотокөлікті басқарудың өзіндік талаптары бар. Ең алдымен жүргізуші қорғаныш каскасын киюі тиіс. Сондай-ақ киімінде жарық шағылыстыратын жолақтардың болуы маңызды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, мопед мемлекеттік тіркеуден өтіп, жүргізуші куәлігі болса ешқандай кедергі болмайды. Жалпы аймақта жол апатының алдын алуға бағытталған рейдтік жұмыстар жүйелі түрде жүргізілмек.
Авторлары: Мерей Бает Бақытжан Бапаев Елдар Байділдә