Жабай өзенінде су деңгейі төмендеді

Ақмола облысындағы Атбасар ауданының аумағынан өтетін Жабай өзенінде су деңгейі төмендеді.

Бұған дейін күн күрт жылынып, қар еріген кезде деңгейі жарты метрге дейін көтерілген еді. Жауын-шашын мен даладан келетін қарғын су тағы бар, содан тасқын қаупі туындаған болатын. Қазір жағдай тұрақталды. Айналаласындағы үйлерге су кірмейді, - дейді жауаптылар. Әрі былтырдан бері өзеннің арнасы кеңейтіліп, түбі тереңдетіліп жатыр. Бұл жұмыстар да нәтижесін берді.

Кенеш Әлімжанов, аудан әкімі:

- Жоба бойынша өзеннің 7 шақырым тазартып, табанын тереңдетіп жатырмыз. Қазір бұл жұмыстың 90 пайызын орындадық. Өзен арнасы бұрын 30-40 метр ғана болатын. Біз оны 120 метрге дейін кеңейттік. Осы жұмыстардың арқасында биыл су тасқыны бізде қалыпты режимде өтіп жатыр. Тасқын қаупі жоқ деп айтуға толық негіз бар.