Елордалық белсенділер Есіл өзенінің жағасын тазалады

Елордалық белсенді жастар Есіл өзенінің бойында сенбілік ұйымдастырып, күл-қоқыстан тазартты. Бұл бастама «Таза Қазақстан» акциясы аясында жүзеге асып отыр.

Шараның мақсаты жас буынның экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатты аялауға тәрбиелеу. Сондай-ақ қаланың көрікті жерлерін қоқыстан тазартып, тұрғындардың серуендеуіне жағдай жасау. 

Арсланбек Мағзұм, Жалпыұлттық коалиция мүшесі, Астана қалалық мәслихатының депутаты:

- Бүгін 100 шақты жас жиналды. Олардың кейбірі студент, кейбіреулері мектеп оқушылары, жұмысшы жастар да бар. Бірақ барлығымыз бірге қаламыздың бір бөлігін тазарту мақсатында келген болатынбыз. Осы жұмыстар «Таза Қазақстан» аясында жүйелі түрде өткізілуде. Яғни қыс болсын, жаз болсын, қандай мезгіл болмасын жастарымызбен бірге көп жұмысты өткізудеміз.