Ақтөбедегі өрт сөндірілді
Ақтөбе облысы әкімдігі ғимаратын шарпыған өрт сөндірілді. Төтенше жағдайлар департаментінің жасақтары жалынмен 2 сағатқа жуық күресті.
Оқиға орнында 40-қа жуық техника, 140-тан астам сарбаз жұмылдырылды. Тілсіз жау 300 шармы метр жерді шарпыған. Төтенше жағдайлар департаменті мамандары ғимаратта жанғыш заттардың болуы, қою түтін мен жалынның желмен өрши түсуі жедел сөндіруге кедергі болғанын хабарлайды. Оқыс оқиғадан зардап шеккен адам жоқ.
Айбат Жаңабергенов, облыстық ТЖД бастығының бірінші орынбасары:
- Қазіргі таңда өрт орнында жедел штаб жұмысын атқарып жатыр. Нақты себебі өрт толықтай сөнгеннен кейін анықталатын болады. Біз қосымша баяндайтын боламыз. Әрине, дерек бойынша қылмыстық іс қозғалады. Сол бойынша қосымша зерттелетін болады.