Қазақстанның Сыртқы істер министрі Грузияға барды
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Грузияға жұмыс сапармен барды. Ол Тбилисиде әріптесі Мака Бочоришвилимен кездесу өткізді.
Тараптар қарым-қатынасты тереңдету және жоғары деңгейдегі сапарлардың маңызы сияқты екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін ортаға салды. Әсіресе сауда-экономикалық байланыстарға айрықша мән берілді. Басқосу қорытындысы ретінде бас дипломаттар Грузия мен Қазақстанның Сыртқы істер министрліктерінің арасындағы 2026-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойған. Сонымен қатар Ермек Көшербаев президент Михаил Кавелашвили және премьер-министр Ираклий Кобахидземен жүздесті. Бұл кездесулерде сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру жайы пысықталып, Қазақстанның гүржі экономикасының басты салаларына инвестиция салу деңгейін кеңейту мәселесі талқыланды. Орта дәліздің әлеуетін нығайту мен оның басты дәліз ретіндегі рөлін күшейтуге баса назар аударылды. Қазақстанның Сыртқы істер министрінің Қап тауы аймағындағы сапары Әзербайжан мен Арменияда жалғасын таппақ.