Су ресурстарын басқаратын цифрлық жүйе

Елімізде 2050 жылға қарай су тапшылығы болуы мүмкін. Бүгінде еліміздегі су ресурстарының 44 пайызы трансшекаралық өзендерден келеді.

Мамандар тіршілік нәрін тұтынушыға жеткізу мәселесі күрделенгенін алға тартып отыр. Су қоймалары мен өзендерден алынған судың небәрі 42 пайызы ғана діттеген жеріне жетеді. Қалған бөлігі әртүрлі кедергі салдарынан жоғалады. Мәселені шешу жолы Алматыда өткен Қазақстан мен Қытай ғалымдарының кездесуінде айтылды. Олар түйіткілді шешу үшін жасанды интелектіге негізделген DeepBas жүйесін іске қоспақ. Интеграцияланған цифрлық жүйе Қазақстанның су ресурстарын тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Оның қорын болжап, климаттық өзгерістерді ескере отырып су пайдаланудың сценарийлерін модельдеуге көмектеседі.

Фараби Ермеков, ҚазҰАЗУ Ғылыми білім беру технологиялық платформасының атқарушы директоры:

- Мұндай ауқымды жүйенің жұмыс жасауы үшін әрине, ең бірінші оған сәйкесінше мамандар қажет. Бұл мәселені біз бірінші Қытай жағыменен бірлесе отырып, 4 жылдық оқуды бакалавриатта, 2 жыл Қазақстанда және 2 жыл Қытайда оқитын етіп, Қытайдың патенциалын біз қолдана отырып, бұл мәселені шештік.