Бүгін – Дүниежүзілік нейрохирургтер күні

Күрделі неврологиялық ем-дом мен операциялар енді елімізде жасалады. Қазірдің өзінде гибридті операциялар жасалып, талай жан құлан таза сауыққан.

Еліміздің нейрохирургия саласы қаншалықты дамыған?  

Бүгін – Дүниежүзілік нейрохирургтер күні. Осыған орай Қазастанның нейрохирургия саласына көз жүгіртіп, шолуға тырыстым.  Жалпы Қазақстанның нейрохирургия саласы Тәуелсіздік алғаннан кейін дара дамыды. Бұрын шетелде ғана жасалатын оталарды қазір отандық нейрохирургтер жасауға қауқарлы. Тіпті осыдан 18 жыл бұрын отандық сала дәрігерлері жүкті әйелдің миындағы ісікке операция жасап, іштегі баласын да аман-есен босандырып алған. Содан бері мұнда 50-ден астам күрделі ота сәтті жасалыпты. Ал бүгін біз 10 жастағы Дана есімді қыздың анасымен сұхбаттастық. Бір жастан енді асқан кезінде эпилепсия диагнозы бойынша операция жасап, аман қалған. 

Роза Шөкеева, қала тұрғыны:

- Қызым туа сала құрысып ұстамасы ұстап қала беретін.  Баламның амандығы үшін бармаған жерім қалмады. Тіпті шетелге де баруды ойладым. Бірақ Еуропада құны өте қымбат. Сөйтіп өзіміздің нейрохирургтерге жүгінді. Бұған еш өкінбеймін. Серік Қуандықұлы өзі бастап жасаған ота сәтті болды. Содан кейін ауру мазалаған емес. Қазір балам 10 жаста. Сабағын өте жақсы оқиды.

Мәселен, Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері жыл сайын жүйке жүйесінің ең ауыр әрі сирек кездесетін түріне 5000-нан астам операция жасап жүр. Олардың қатарында нейро онкология, тамырлы нейрохирургия, жұлын және балалар нейрохирургиясы бар. Қазірде Астанадағы орталықта 31 нейрохирург  қызмет атқарады. Бұл – еліміздегі және Орталық Азиядағы жетекші орталықтардың бірі саналады. 18 жыл ішінде орталықта 75 мыңнан астам адам ем алып, 55 мыңнан астам күрделі операция сәтті жасалған.  Осы орайда, белгілі нейрохирург, ұлттық нейрохирургия орталығының басқарма төрағасы Серік Ақшолақовпен сұхбаттасқан едік. Ол микро-нейрохирургия негіздерін, алғаш рет Қазақстанда нейро-навигацияны қолданған жан. Эпилепсияны оперативтік жолмен емдеуді алғаш рет жүзеге асырған.

Нейрохирургия орталығында 75 мың адам ем алды, 55 мың күрделі операция жасалды

Серік Ақшолақов, Нейрохирург, Ұлттық нейрохирургия орталығының басқарма төрағасы:

- Қазақстанда тұңғыш рет қан тамырын емдейтін саланы аштық. Омыртқа мен жұлынға жасайтын реконструктивті саланы аштық. Балалар нейрохирургиясын аштық. Ми ісігінің ең тереңде жатқан нейромодуляция, нейронаыигация, басқа да операцияның ішінде диагностика жасайтын нейрофизиология аштық. Соның арқасында біздің орталықта операцияның бүгінде шамамен 85-90 пайызы ашылмай тұрғанда Қазақстанда жасалмайтын.

Астанадағы нейрохирургия орталығы қазір білікті мамандарды өздері дайындайтын дәрежеге жеткен. Мұнда салалық кафедра ашып, медицина ғалымдарын дайындауға кіріскен. Тіпті әлемде теңдесі жоқ ғылыми әзірлемелерді енгізе бастады. Мәселен, омыртқадағы зақымды емдеп қана қоймай, Қазақстанда алғаш рет омыртқаны алмастыратын ерекше әдіс ойлап тапты.  

Серік Ақшолақов, Нейрохирург, Ұлттық нейрохирургия орталығының басқарма төрағасы:

- Біз дүниежүзінде көрсету үшін Ғарышкерлер орталығымен бірге титаттан әуелі клиникалық-эксперименталдық жұмыс жасау керек болдық. 1 млрд-тай грант алдық. Америкадан керек жабдықтарды алып, омыртқаны Германиядан алдық. Ортопедия және биомеханика институты бар. Бізжің жәрігерлер Германияға барып соны жасап эксперименттен өте жоғары балл алдық.

Айта кетейік, енді ғылыми нейрохирургия орталығында салалық докторанттарды оқытпақ. Демек отандық нейрохирургтер тек күрделі операция жасап қана қоймай ғылыммен қатар айналыса алады. Әрі заман көшіне ілесуді де көздеп отыр. Жасанды инттелектіні  енгізіпті.

Серік Ақшолақов, Нейрохирург, Ұлттық нейрохирургия орталығының басқарма төрағасы:

- ЖИ медицина саласын өте жақсы кіріп, көптеген нәтижелерді беріп жатыр. Біз де сол туралы эппилепсия аурының жұмысын істегіміз келеді. Біз бүгінде орталықта 400-ден астам науқасқа операция жасағанбыз. Көбісі бала. Франция қаласында оқыдық.

Мұнда миға пышақсыз операциялар жасалады. Ондағы гамма-пышақ құрылғысымен соңғы 5 жылда 2500-ге жуық адам ем алып, дертінен құлан-таза айыққан. Бұл құрылғы Орталық Азия елдерінде тек Қазақстанда ғана бар. Мұндағы дәрігерлердің бұл құрылғы арқылы жоғары радиоактивті сәулелермен ем жасап жүр. Отандық медицинадағы озық аппараттың игілігін ел азаматтары тегін көреді. Ал медициналық туризммен келген шетелдіктер ақы беріп емделеді.

Жанерке Әшімова, медициналық-физик:

- Мидың ішіндегі ісіктерді емдейміз, одан бөлек тамырдың аномальді характеріне байланысты болатын ауруларды, ісіктерді қоса емдейміз. Жалпы алғанда гамма-нож әлем бойынша 400-ден астам құрылғы бар. Шетелден бізге келеді. Көрші елдерден жиі келеді. Көбіне бізге Өзбекстаннан, Қырғызстаннан көп науқастар келді. Тәжік елінен де келеді. Украинадан болған науқастар да болды. Осылай қатерлі ісікпен, қатерсіз ісікпен де емделеді.

Сондай-ақ  Қазақстанға ем іздеп келетін шетелдіктер көбейген. Ел экономикасының әлеуетін әлдендіретін медициналық туризмнің де тамырына қан жүгірген. Мамандар еліміз Орталық Азиядағы негізгі денсаулық сақтау пункті болуға қауқарлы деп отыр. Мәселен, бүгінге дейін 80 мыңнан аса адам Қазақстаннан ем-дом алып қайтқан. Ал болашақта елімізде гибридті нейрохирургиялық операциялар жасалатын болады. Осы орталықта арнайы бөлімнің құрылысы аяқталуға жақын.