AMANAT: Көппәтерлі тұрғын үйлердің мәселелері шешіледі
AMANAT партиясының жобасы арқылы көппәтерлі тұрғын үйлердің мәселелері шешіледі.
Бұл туралы Түркістан облысында «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында өткен форумда айтылды. Онда үйлердегі түйткілді мәселелерді шешу, тұрғындарға жайлы жағдай жасау бағытындағы байыпты бастамаларға баса назар аударылды.
AMANAT партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев аталған жобаның мәні мен маңызына тоқталып, артықшылығын тілге тиек етті. Айтуынша, жоба тарифтерден бастып, қауіпсіздік мәселелеріне қатысты жүйелі шешімдер қабылдауға ықпал етеді. Бүгінде облыс аумағында 1 877 көппәтерлі тұрғын үй бар. Соның ішінде 1 620 үй кондоминиум нысаны ретінде тіркелсе, 243 үй – коммуналдық меншікте. Осы күні облыс орталығында 4 басқарушы компания мен 7 сервистік қызмет көрсету мекемелері тұрғындарға тиімді қызмет көрсетіп келеді.
Ержан Жылқыбаев, «AMANAT» партиясының хатшысы:
- «TURGYNDAR AMANATY» жобасы қолға алдық. Қазір Түркістан облысында облыс әкімімен бірге іс-шараны жақсы деңгейде өткіздік деп ойлаймын. Біз бұған дейін үш өңірде Павлодар, Ақмола, Қарағанды өңірінде диалог платформасын өткізген болатынбыз . Бұның негізгі мақсаты бізде республикада 20 мыңнан астам ОСИ бірлестігі бар, 2,5 млн жуық көппәтерлі үйлер бар. Осылардың жағдайын біз жақсы білеміз. Біздің мақсатымыз осындай КСК басшыларын жинап қалай тұрғын үйлерді басқару керектігін оқытамыз.