Еліміз білім беру саласы бойынша үздіктердің қатарында
Қазақстан білім беру саласы бойынша жаһандағы үздік елдердің қатарында. Insider Global Education Index рейтингінің нәтижесі осындай.
Қазір 0,092 баллмен 18-орынға жайғастық. Бұл саладағы ауқымды реформалар мен кешенді жұмыстардың жемісі,- дейді мамандар. Рейтинг қорытындысы бойынша, еліміз Польша, БАӘ, Мексика сынды мемлекеттерді басып озды. Бүгінде 10-нан астам отандық университет QS Top 1000 қатарына кіреді. Әлемдік рейтинг мемлекеттік қолдау шаралары, кадр даярлау, ғылыми база, халықаралық ықпалдастық сынды бірқатар маңызды көрсеткіштер бойынша анықталады.