«Таза Қазақстан» акциясына қатысушылар саны артқан

Елде экологиялық мәдениет қалыптасып келеді. Мамандардың айтуынша, «Таза Қазақстан» акциясына қатысушылар саны жыл санап артқан.

Мәселен, 2024 жылы бастамаға 6 миллион 218 мың адам атсалысса, былтыр бұл көрсеткіш 7 млн-ға жуықтаған. «Бұл қоғамның экологиялық мәселелерге деген қызығушылығы артып, жауапкершілігі күшейіп келе жатқанын аңғартады», - дейді сарапшылар.

Мейіржан Айтжанов, Экологиялық мәдениет және саясат департаментінің сарапшысы:

- Акция аясында халықтың белсенділігін арттыруға әсер еткен факторлар өте көп. Соның ішінде экологиялық мәселелердің өзектілігі мен қоғамның оған деген жауапкершілігін атап өтуге болады. Сонымен қатар қоғамдық бақылаудың тиімді тетіктері ретінде 2024 жылы бізде іске қосылған Тазақазбот Telegram чатын айтсақ болады. Осы чат 2025 жылы азаматтарға хабардарлығын арттыру мақсатында «Е-Gov» порталы арқылы 14 млн адамды қамтыған хабарлама. Яғни смстер жіберіліп, қосымша 7 млн абонентке смс хабарламалар таратылды.