Елде ауқымды Өңірлік экологиялық саммит өтеді

Астанада ауқымды Өңірлік экологиялық саммит өтеді. Халықаралық жиын сәуірдің 22 мен 24-і аралығына жоспарланған.

Бүгінде климат, экология тақырыбы жаһан елдерін алаңдатып отыр. Орталық Азия мемлекеттері күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді бір үстел басында талқылайды. Саммитке шамамен 1500 делегат қатысады.

Дилором Сұлтамұратова, Халқаралық жасыл технологиялар және инвестициалық жобалар орталығы департаментінің жетекші менеджері:

- Орталық Азия елдері ортақ экологиялық сын-қатерлерді бірлесіп талқылауға және бірге шешуге мүмкіндік береді. Саммит аясында талқыланатын мәселелер ол климаттың өзгеруі және оған бейімделу, су ресурстарының тапшылығы, жердің деградациясы, қалдықтарды басқару жүйесін талқылаймыз. Бұл біздің Президентіміз Қ.Тоқаев 78-ші БҰҰ Ассамблеясында айтқан бір бастауынан туындап жатқан үлкен іс-шара. Бұл Қазақстанда ғана емес, өңірде бірінше рет өтіп жатыр.

Саммит аясында RES-2026 Экспо халықаралық жасыл технологиялар көрмесі ұйымдастырылады. Онда бизнес, жасыл технологиялар және инвестициялық шешімдер көрсетіледі. Көрмеге 30-дан астам елден 300-ге жуық компания қатысады.