Сеулде «Орталық Азия-Корея Республикасы» саммитіне дайындық барысы талқыланды

Келелі кездесуге Қазақстан атынан Сыртқы істер министрдің орынбасары Әлібек Бақаев қатысты. 

Ол қыркүйек айына жоспарланған жоғары деңгейдегі басқосу мемлекеттер арасындағы көпжақты іс-қимылды дамытуға жаңа стратегиялық серпін беретінін атап өтті. Әлібек Бақаев екіжақты экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту жайын Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер, Сауда, сондай-ақ Жер, инфрақұрылым және Көлік министрліктерінің басшыларымен және іскер топ өкілдерімен талқылады. 

 
Әлібек Бақаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

- Инвестициялық әлеуетімізді көрсетіп жатырмыз. Корея тарапына Қазақстанда, Қазақстанның нарығында бар жағдайды жасап отырмыз. Өздеріңіз білетіндей, бүгінгі уақытта біздің нарығымызда Samsung сияқты, LG, Lotte, KIA сияқты Кореяның үлкен-үлкен, мықты компаниялары жұмыс істеп жатыр. Сондықтан болашақта осындай компаниялардың саны өседі деп біз үміттенеміз.