Ұлытау облысында 30 мыңнан астам ағаш егіледі
Биыл Ұлытау облысында 30 мыңнан астам көшет егіледі. Оның басым бөлігі демеушілер есебінен алынады.
Ағаш егу шараларына жекеменшік кәсіпорындардың ұжымдары үлес қосады. Сонымен қатар 20-дан астам мемлекеттік мекеменің әрқайсына 100 дана көшет егу міндеті жүктелді. Өткен аптадан бері елдімекендерде мың жарымға жуық ағаш егілді. Қарағаш, терек және үйеңкі көшеттері Ұлытаудың климатына ұқсас солтүстік өңірлерден жеткізілді.
Айдана Алданазарова, облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасының маманы:
- Қала-аудандарда суара жүйелеріне түгендеу жүріп жатыр. Жезқазғанда ұңғыма қазылуда. Осы сәуір айының 15-інен бастап суару науқаны басталады. Сонымен қатар мекемелер отырғызған ағаштарды өздері күтіп ұастауға міндеттелді. Әрбір мекеме, әрбір кәсіпорын тарапынан сол егілген ағаштардың суаруын, түрлі зиянкестерден қорғау жұмыстары жүргізіледі.