Құмар ойынды жарнамалаған блогер Вьетнамда ұсталды
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Қазақстандық блогер Вьетнамда ұсталды.
Еліміздің Ішкі істер министрлігі Интерпол арналары арқылы Вьетнам құқық қорғау органдарымен бірлесе Камрань қаласында Қ. есімді күдіктіні қолға түсірді. Аталған азамат әлеуметтік желілерде онлайн-казинолардың жарнамалық бейнематериалдарын жүйелі түрде жариялап, пайдаланушыларды құмар ойынға тартқан. Нәтижесінде ол 100 млн теңгеден астам заңсыз табыс тапқан. Ақша оның атына тіркелген криптовалюта әмиянына аударылып отырған. Қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.