Астанада жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Астанада 17 сәуір күні жастарға арналған кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, - деп хабарлайды 24KZ, елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңке 17 сәуірде сағат 14:30-да Жеңіс даңғылы, 62 мекенжайында орналасқан С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғимаратында ұйымдастырылады.

Бұл – жастар үшін жұмыс табуға, жұмыс берушімен әңгімелесуден өтуге және қаланың жетекші компанияларымен танысуға мүмкіндік.

Ізденушілерге өзекті бос жұмыс орындары ұсынылып, жұмыс берушілермен кездесулер және карьералық кеңестер ұйымдастырылады.